Жаңалықтар

2023 жылдың 17 ақпан Алматыда елордалық мектепке дейінгі ұйым мен Алматы облысы балабақшалары арасында “Құндылыққа негізделген білім беру- балабақшада” атты тәжірибе алмасу семинар- практикумы өтті. Меңгерушіміз Жолбарысова Мөлдір Айтқалиқызы мен әдіскеріміз Абдулдинова Айзель Алибекқызы балабақшамыздың іс-тәжірибиесімен бөлісті. Семинардың негізгі мақсаты ұлттық және жалпыадами құндылықтар негізінде зияткерлік, рухани-адамгершілік тұрғысынан және физикалық дамыған тұлғаны тәрбиелеу барысындағы атқарылып жатырған жұмыстарға шолу жасау, тәжірибе алмасу алаңында құнды идеялармен бөлісу. Осындай семинарлар ары қарай да құнды идеялармен ұласып жалғасын таппақ.

Түркия мемлекетінің Анталия қаласында  29 қаңтар мен 4 ақпан аралығында  Тоғызқұмалақ, мангала, бестемше және асық ойындарынан "Mind Sammit"  атты халықаралық семинар өтіп, осы спорттың мамандары ұлттық ойынның болашағы мен алдағы міндеттері туралы сөз қозғады. Халықаралық шараға Қазақстан, Қырғызстан, Түркия, Чехия, Румыния және АҚШ-тан мамандар қатысты.

«Бестемше» инновациялық жобаға қатысушы №№5,28,29,44,51,56,61,66,70 елордалық мектепке дейінгі ұйымдарының меңгерушілері мен әдіскерлері Саммит аясында  «Зияткерлік ойындардың жасөспірімнің когнитивтік қасиеттерін дамытудағы маңызы» атты халықаралық семинарда ұлттық ойынды таныстырып,  шетелдік әріптестермен іс-тәжірибе алмасты.

Респбуликалық «Мәдениетті ана-мәдениетті ұлт» жобасы №5 «Ақбота» балабақшасының базасында жалғасын тапты. Іс-шараға ҚХА Аналар кеңесі төрағасы Назипа Ыдырысқызы Шанаи,  ҚХА республикалық Аналар кеңесі мүшесі  Б.Ахатай, Білім беруді жаңғырту орталығының басшысының орынбасары Д.Байтасов, Ұлттық "BilimInvest" білім саласындағы инвесторлар қауымдастығының вице президенті К.Батырбекова, «МUNARAT» ЖШС атқарушы директоры Н.Қойшыбаев және Елордадағы мемлекеттік балабақша меңгерушілері қатысты. Жиынға ҚХА Аналар кеңесі төрағасы ҚР Президенті жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясаты бойынша Ұлттық комиссия мүшесі Назипа Ыдырысқызы Шанаи төрағалық етіп, «Қоғамдық ұйымның кейбір мәселелерде әлеуеті жетпей қалуы мүмкін. Біз бірлесе жұмыс атқарғанда алдымызға қойған ең ұлы мақсат- ұлтымызды мәдениетті етіп тәрбиелеуге жетеміз деп ойлаймын», - деген сөзімен бастады.  

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!