Челлендж
- Қаралды: 36
5 "Ақбота" балабақшасының ата-аналары ұлттық ойындарды дәріптеу мақсатында Астана қаласының басқа балабақшаларына "Алаңдағы бестемше", "Бес тас", "Асық ату" ұлттық ойындарынан челлендж жолдайды. Жас ұрпақтың бойына ата дәстүрін сіңдіріп, қазақилығымызды мақтан тұту - өзімізден бастау алмақ. Ұлттық ойындарға деген ілтипат пен қызығушылық - әрқашан жоғары болғай!
"Атаңның ботасын алма, батасын ал"
- Қаралды: 35
Бата беру үрдісі қазақ халқының қанына сіңген ерекше дәстүрлердің бірі. "Атаңның ботасын алма, батасын ал" деп жас ұрпақты бата алуға шақырып, 5 "Ақбота" балабақшасы 65 "Балбала" балабақшасына бата беру челленджін жолдайды.
«Туған тілім-анам тілі-өз тілім»
- Қаралды: 27
Балабақшамызда «Туған тілім-анам тілі-өз тілім» көркемсөз сайысы өтті. Сайыс барысында қатысушылардың өнерін бағалау кезінде олардың көркем мәтінді оқу шеберлігіне, дауыс мәнеріне, сахнада өзін-өзі ұстауына баса назар аударылып, жүлдегерлер анықталды. Бас жүлдені- Берікқан Еламан, 1 орын- Серік Әмір, 2 орын- Абай Айлин, 3 орынды- Мауленова Раяна иеленді. Бүлдіршіндеріміздің сөз өнеріне деген құрметіне ризашылығымызды білдіреміз!
Бүгінгі қайырымдылық мақсатында ұйымдастырылып өткізіліп отырған ЖӘРМЕҢКЕМІЗГЕ бір кісідей ат салысқан барлық ата-аналарымызға балабақша ұжымы атынан алғыс білдіремін! Осы жәрмеңкеден түскен қаражатқа қарттар үйіне қайырымдылық жасаймыз деген ниеттеріңіз сауаптан болсын! "Қарты бар үйдің қазынасы бар»- деген. Бар ықыласымен, мейірімімен белсене кірісіп аталмыш шараға бей-жай қарамаған ата-аналарымызға риза болдым. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған, ақсақалын абызға балаған елдің ұрпағы қазіргі кездегі Қарттар үйі деген атауға еті үйренбесін деген ниетпен ұрпақ тәрбиесіне қосып жатқан үлестеріңіз үшін рахмет! Жасап жатқан істеріңіз берекелі, ұрпақтарыңыз салиқалы болсын!!!