Астана қаласы әкімдігінің № 5 «Ақбота» балабақшасында Қарттар күніне орай «Қарттарын қадірлеген ел ардақты » тақырыбында мерекелік іс-шара өткізілді. Сонымен қатар, 2023 жылдың қыркүйектің 25 күні ата-аналармен жәрмеңке ұйымдастырылып, жиналған қаражатқа «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының қарияларына арнайы сыйлық алынды. Жетімін жылатпаған, жесірін қаңғыртпаған, ақсақалын абызға балаған елдің ұрпағы қазіргі кездегі Қарттар үйі деген атауға еті үйренбесін деген ниетпен аталмыш іс-шара ұйымдастырылып, Қарты бардың - қазынасы бар» демекші, үлкенді сыйлау балабақшадан бастау алды.
1 маусым халықаралық балалар қорғау күні!!!
- Қаралды: 34
Хаттама№1,ЕРЕЖЕСІ
- Қаралды: 36
Мамыр мерекелерінің іс-шаралар жоспарына сәйкес, балабақшаның мектепалды топтары ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайына саяхат жасады. Саяхат барысында балалардың өмір қауіпсіздігі барлық талаптарға сай ұйымдастырылды. Саяхат ежелгі кезеңнен бүгінгі күнге дейінгі қазақ халқының әскери тарихынан сыр шертетін ескерткіштер, сирек кездесетін экспонаттарды өз қорына жинақтаған музейге апару арқылы балалардың танымын кеңейтіп, еліміздің батырларына деген құрметтерін, патриоттық сезімдерін арттыру мақсатында жасалды.