Жаңалықтар

  Құрметті ата-аналар! Ауа райынының жылынуы мен жаздың келуіне байланысты суда шомылу уақыты да басталды. Алайда, суға түскен кезде (ашық су алаңдары, бассейндер, т.б.) кейбір сақтық шараларын сақтау шарт! Балаларды қараусыз қалдырмаңыздар!

№5«Ақбота» балабақшасының ұжымында техникалық қызметкерлер мен өткізілген кезектен тыс жиналыста референдумда қаралатын мәселелерді талқылады. Сөз алғандар халық талқысына салынған өзгерістер өзімізге керек екенін түсініп оны қолдап дауыс беруге шақырды.

Жиналғандар Ата заңымыздың алдағы өзгерістерінен зор үміт күтетіндерін айтып референдумды қолдайтынын білдірді. Көкейлеріндегі сауалдарын қойып өзара пікірлесті.

№5 «Ақбота» балабақшасында Конституцияға өзгерістер енгізу үшін жалпыхалықтық референдум өткізу туралы жаңалық қызу талқыланды.

Балабақша меңгерушісі М. А. Жолбарысова рефендумның маңызы туралы айтып, ел тарихындағы елеулі оқиғаға бей-жай қарамай белсенді қатысуға шақырды. Ата Заңды өзгерту үшін халық өзінің пікірін айтады. Бұл мемлекетіміздің дамуындағы жаңа кезең, келешек ұрпақтың тағдырына тікелей әсер ететін маңызды сәт.

Сондықтан да референдум өткізуді қолдап, 5 маусымда болатын референдумға бір кісідей қатысайық.

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!