Жаңалықтар

Балабақшамызда жол қауіпсізідігі бойынша «Тәртіпті әлем – Джуди Хоппспен» тақырыбында қуыршақтар театры өтті.

Мақсаты:  Көшедегі қауіпсіздік ережелері туралы алған білімдерін пысықтау, балаларды өмірлік қауіпсіздік ережелеріне үйретуді жалғастыру. Танымдық белсенділігін, жол белгілерін білу мен олардың атқаратын қызметін, қоғамдық және көліктердегі тәртіп сақтау заңдылықтары туралы түсініктерін театр ертегісі арқылы ойлау қабілетін, ән, тақпақ арқылы тіл байлықтарын дамыту. Шығармашылық қабілеттерін  арттыру. Жолда жүру ережелерін орындауға, дамытушы ойындар  арқылы  ұйымшылдыққа  тәрбиелеу.

"Шынықсаң шымыр боласың" спорт апталығы өтті. Біздің балалар "жалықтым" деген сөзді білмейді. Өйткені "Ақбота" балабақшасының күнделікті өмірі сан алуан оқиғалар мен жағымды әсерлерге толы. Тәрбиешілер күн сайын балаларға әлемнің әртүрлі қырларын көрсетіп, жаңа тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Мақсаты: Шығармашылық қиялын, зейінін, сөйлеуін дамыту. Балалардың бауырымен жорғалаушылар, өсімдіктер, құстар туралы білімдерін жалпылау, нақтылау. Балалардың дәмі бойынша жемістер мен көкөністер туралы түсініктерін кеңейту. Бір-біріне көмектесуге, достарымен бірге жұмыс жасауға дағдыларын шыңдау.

Топ: Зияткер

Тәрбиеші: Абдикаримова Ж.М.

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!