Жаңалықтар

Балабақшамыздың педагогтері мен бүлдіршіндері Қазақстан Республикасы президентінің іс басқармасы ұйымдастырған “Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамы құтты болсын!” атты іс шараға қатысып, “Бестемше”, “Алаңдағы бестемше” ойындарынан, Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы “Бала мерген”, “Шабандоз” жобаларынан шебер сыныптар көрсетіп, жиналған қауымды шеберліктерімен тәнті етті.

2024 жылғы 23 ақпанда Астана қаласы әкімдігінің № 5 «Ақбота» балабақшасында «ҚАУІПСІЗ БАЛАЛЫҚ ШАҚ – ДЕТСТВО БЕЗ ОПАСНОСТИ» онкүндігінің жабылу салтанаты өтті. Оған Астана қаласы Әдістемелік орталығының Мектепке дейінгі білім беру бөлімі әдіскері- Көшен Құндыз Слетқызы және Баспа қызметі бөлімі әдіскері Нұршеков Ерғазы Манапұлы қатысты.

<p>№5 "Ақбота" балабақшасында "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында "Бала мерген" (садақ ату) жобасы іске асырылуда. Садақ ату - сабырды шыңдап, шыдамдылық пен табандылыққа баулиды, сананы тәрбиелейді, ақыл-ойды дамытады. Жебені адырнаға салып тартқан кезде, алыс-жақынды барлау арқылы көздің көруінің жұмысы артады. Осы орайда балабақша бүлдіршіндерінің рухы мықты, жігерлі, батыл болып қалыптасуына үлкен септігін тигізіп жатқан "Бала мерген" жобасының қолданылу аясы кеңейе берсін дейміз. Жақсылықты ту еткен бала мергендердің шеберліктері шыңдала берсін!</p>
<hr id="system-readmore" />
<p style="text-align: center;"> </p>
<pre>

</pre>
<p style="text-align: center;"> </p>
<p style="text-align: center;"> </p>

Балабақшамызда "Біртұтас тәрбие" бағдарламасы аясында іске асырылған шоқтығы биік жобалардың бірі - "Шабандоз" жобасында бүлдіршіндеріміз атқа қалай мініп, үзеңгіге бірінші қай аяқты салу керектігін үйренеді, қамшы, үзеңгі, жүген туралы біледі. Балалар өте жағымды әсер алады және денсаулығына өте пайдалы, денелері ширақ, өздерін сергек сезінеді.

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!