Жаңалықтар

Серіктес балабақшалар арасында «ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР» атты спорттық жарыс ұйымдастырылып, педагогтар “Алаңдағы Бестемше” ойынынан бақ сынасты. Жарысқа қатысқан балабақшалар: №5 «Ақбота» балабақшасы №51 «Алтын сандық» балабақшасы №31 «Ақ сұңқар» балабақшасы №19 «Балбөбек» балабақшасы №27 «Балауса» балабақшасы №73 «Аяулым» балабақшасы Педагогтар өздерінің ептіліктері мен тапқырлықтарын көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді! Нәтижесінде: 🥇 1 орын – №5 «Ақбота» балабақшасы 🥈 2 орын – №51 «Алтын сандық» балабақшасы 🥉 3 орын – №73 «Аяулым» балабақшасы Сондай-ақ өзге де балабақшалар граммоталар мен сертификаттармен мараппаталды. Ұлттық ойындар – халқымыздың бай мұрасы, өткен мен бүгінді, жас ұрпақты ата-бабаларымыздың салт-дәстүрімен байланыстыратын құнды қазына. Барша қатысушыларға алғысымызды білдіреміз!
Среди детских садов-партнеров был организован спортивный конкурс «НАЦИОНАЛЬНЫЕ ИГРЫ», в котором педагоги соревновались в игре «Бестемше в поле». Детские сады, участвующие в конкурсе: Детский сад № 5 «Акбота» Детский сад № 51 «Алтын Сангух» Детский сад № 31 «Ак Сункар» Детский сад № 19 "Балбобек" Детский сад № 27 «Балауса» Детский сад № 73 «Аяулым»

video

Наурыз мерекесі - қазақ халқының ең маңызды және көптен күткен мейрамдарының бірі. Балабақшада Наурызды атап өту - балалар үшін өте қызықты. Балабақшамыздағы Наурыз мерекесіне арналған мерекеде ойындар, өнер көрсету (балалар ән айтып, би биледі), ұлтттық тағамдар және салт - дәстүрмен балаларды таныстыру ұймдастырылды.

video

Наурыздың жаршысы – Көрісу күні келді! Бұл күн – үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетіп, жасы кішілердің аға буынға сәлем беріп, бір-бірімен қауышатын ерекше мереке.  Бүгін тек қол алысып қана қоймай, ренішті ұмытып, жақсы сөз айтып, көңілге жылу сыйлайтын күн. Ұлттың бірлігі мен берекесін арттыратын осы дәстүр мәңгі жасай берсін!  Жанұяларыңыз аман, жүздеріңіз жарқын болсын!

видео

МКҚК «№5 «Ақбота» балабақшасы»

Астана қ.

Жаңалықтарға жазылу

Біздің жаңалықтарымызға жазылыңыз және біздің соңғы оқиғаларымыз туралы бірінші болып біліңіз!